16 наурыз 2017 21:46

Астанада сот орындаушысы борышкердің есігін қирата жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ктак арнасы Ктак арнасы

Астанада кувалдамен есік қиратқан сот орындаушы төңірегіндегі дау өрши түсті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Ауыр балғамен қаруланған заң өкілі Астана тұрғынының есігін тас талқан еткен. Бір қызығы дауға қалған сот орындаушысы борышкердің емес, оның әпкесінің үйіне басып кірмекші болған. Енді екі тарап бір-бірін сотқа сүйреп жүр. 


Астанада кувалдамен есік қиратқан сот орындаушы төңірегіндегі дау өрши түсті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Ауыр балғамен қаруланған заң өкілі Астана тұрғынының есігін тас талқан еткен. Бір қызығы дауға қалған сот орындаушысы борышкердің емес, оның әпкесінің үйіне басып кірмекші болған. Енді екі тарап бір-бірін сотқа сүйреп жүр. 

Жанна Әлиева әлі күнге дейін үйіне біреу басып кіре ме деген үреймен жүр. Өйткені, былтыр қазан айында болған оқиға жанына қатты батқан.

Бар күшін салып, үлкен балғамен есіктің тас талқан еткен жеке сот орындаушысы әрекеті әлі есінде. Бір қызығы заң өкілінің мұндай әрекетін Жанна алғашқыда түсінбей қалған. Өйткені, ешкімге ақша қарыз емес. Пәтер де өз атында. Сондықтан бірден полиция шақырып, барлығын таспаға түсіріп алған.

 

Сөйтсе, бар гәп Жаннаның үйінде біраз уақыт тұрған інісінде екен. Яғни, 24 жастағы Азамат есімді жігіт біреудің көлігін жалға алып, кейін оны бөлшектеп сатып жіберіпті. Енді сол 500 мың теңге ақшаны өндіру үшін сот орындаушылары әпкесінің үйіндегі дүние мүлікті тәркілемек болған. 

"Менің үйіме қонған туыстарым үшін мен неге зардап шегуім керек? Ұлым емес, қайтыс болған ағамның баласы. Әрі ол бұл үйде тіркеуде тұрған жоқ. Менде не шаруалары бар? Бұл іске мүлдем қатысым жоқ. Ешкімге қарыз емеспін. Үй де менікі. Келді де есігімді қиратып тастады", - дейді Жанна Әлиева.

Ал, дауға қалған Рустам Жылқыбаев болса, судьяның шешімін ғана орындадым деп отыр. Айтуынша, пәтер қожайыны есікті ашудан бас тартқан соң, қиратқан. Сөйтіп, баспана ішінен қарыз болған жігіттің заттарын тәркілемек болған.

"Үйдің ішіндегі заттарды тексермекші болдым. Онда борышкер мысалы музыка тыңдайды, теледидар көреді ол оның заты дұрыс па? Мысалы Жанна Әлиева ол үйде тұрмайды. Сығанақта тұрады. Сәйкесінше, ондағы дүние мүлік оныкі емес", - дейді жеке сот орындаушысы Рустам Жылқыбаев.

Ал әпкесін қиын жағдайға қалдырған Азаматтың өзі Қарағандыда. Жұмысқа тұрып, жарты миллион теңге қарызын өтеудің қамымен жүр екен. Бауыры үшін шырғалаңға түскен Жанна Әлиева болса, сот орындаушысымен соттасып жүр.

Десе де, пәтер қожайыны мен Рустам Жылқыбаевтың арасындағы текетірес жарты жылға созылып кеткен. Алғашқыда судья сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тапқанымен, апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған. Бірақ әр тараптың өз шындығы бар. Ал бауыры үшін азапқа түскен келіншек істі соңына дейін жеткізуге бел буып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети