22 желтоқсан 2023 14:16

Астанада су қанша жылға жетеді? Қасымбек айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада су тапшылығы жоқ. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада су тапшылығы жоқ. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мен тағы бір рет ресми түрде айтқым келеді: қалада су тапшылығы жоқ. Бірнеше жылға белгілі бір қуат қоры жасалды. Сонымен қатар, Астана су қоймасынан екінші қосымша су құбыры құрылысын аяқтаймыз, Нұра бастауынан су құбырының құрылысын бастаймыз, сондай-ақ "Тельман" сорғы станциясының кеңеюін жобалаймыз. Бұл 2030 жылға дейін таза ауыз су қуатын береді", - деді Жеңіс Қасымбек ОКҚ брифингінде.

Елорда әкімі биылғы маусымда болған су тапшылығына қатысты жағдайды еске салды. Ол мұны халықтың өсуімен байланыстырды.

"Жыл сайын қала өсіп, халық саны орта есеппен 50-60 мыңға артып келеді. Соңғы үш жылда халық саны 200 мыңға өсті. Соған сәйкес коммуналдық қызметтерді тұтыну да артып келеді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі мен су тұтыну артып келеді. Маусымда бұл мәселе күрт көтерілген сәтте тапшылық болды, тәулігіне 20-25 мың текше метрге дейін су тапшылығы болды", - деді әкім.

Оның айтуынша, 10 маусымнан кейін Астана су қоймасынан су құбырының қосымша жаңа желісін іске қосу мүмкін болды, бұл 90 мың текше метр су беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, биыл қуаттылығы 105 мың текше метрлік үшінші сорғы сүзгі станциясының құрылысы аяқталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети