06 наурыз 2023 16:47

Астанада "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" таратылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ны тарату туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ны тарату туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сотқа шағымдануға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ін заңды тұлға ретінде тіркеу кезінде заңбұзушылыққа жол берілгені себеп болып отыр.

"ЖШС-нің корпоративтік атауы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік органының және оның аумақтық бөлімшелерінің атауымен үйлеседі.

Жауапкерді мемлекеттік тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 6-1-бабына сәйкес тіркеуші органның қатысуынсыз "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрон хабарлама беру арқылы жүргізілді", - делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖШС-ны тіркеп, оның құрылтайшысы азамат Әбиев Т.С. жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін бергені атап өтілді.

"Бұл тұлғалар өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуші ретінде көрсете отырып, түрлі ұйымдарда, соның ішінде мемлекеттік органдарда көрсеткен. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азамат Т.С. Әбиевке қатысты ірі мөлшерде ақша бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деді Астана қаласы сотының баспасөз қызметі өкілдері.

"Астана қаласының МАЭС-нің 2023 жылғы 3 наурыздағы шешімімен Астана қаласы Әділет департаментінің талап арызы қанағаттандырылды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС таратылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді астаналық сот өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети