Астанада төменгі сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды

04 Желтоқсан 2014, 12:25
0
Астанада төменгі сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Астанада екінші ауысыммен оқитын оқушыларға сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желдің күшеюіне байланысты екінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушыларының 2014 жылдың 4 желтоқсан күнгі сабақтары өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Бұл шешім қалалық білім басқармасының қаулысына сәйкес қабылданды. Еске сала кетейік, алдағы күндері Қазақстанда қарлы әрі аязды ауа райы ауысып отырады деп хабарланған болатын.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай