22 ақпан 2024 16:36

Астанада тұрғын үй кешеніне есірткі жасырып жүргендер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Елордалық тұрғын үй кешенінің тұрғындары есірткі жасырушыларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық тұрғын үй кешенінің тұрғындары есірткі жасырушыларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне "Времена года. Весна-2" тұрғын үй кешенінің 14-қабатында біреулер есірткі сақтайтын қойма ұйымдастырып алғанын хабарлады. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Полиция біледі, көршілер шкафтарды бекітіп қойды, бірақ олар (есірткі жасыратындар - еск.) бұрағыш құралмен келеді. Бүгін ақ тон киген қыз келді, оның алдында жігіттер келді. Полиция неге жұмыс істемейді? Деректер мен бейнелер бар. Бірақ бұл жігіттер мен қыздар әлі келіп жүр. Біреулер әкеліп қояды. Біраз уақыттан кейін басқалары келіп алып кетеді", - дейді үй тұрғындары.

Астана Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне күдіктілер іздестріліп жатқанын айтты.

"Елордалық полицейлер "Времена Года" тұрғын үй кешені тұрғындарының арызы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп жауап берді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети