22 тамыз 2023 09:47

Астанада уәде етілген жаңа аурухана қай жерде салынады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салуды тапсырған Астанадағы үшінші көпсалалы аурухана орны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салуды тапсырған Астанадағы үшінші көпсалалы аурухана орны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тілші сауалына жауап ретінде, 2026 жылға дейін Сарыарқа ауданында емдеу мекемесінің жаңа ғимараты бой көтеретінін хабарлады.

"№3 көпсалалы қалалық аурухана (бұрынғы теміржол ауруханасы) ғимаратының апаттылығын ескере отырып, Ақан сері мен Еңлік-Кебек көшелері қиылысында жаңа аурухана салу туралы шешім қабылданды. Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тиісті процедураны жүргізіп жатыр. Алдын ала пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың қарашасы", - деді ведомство өкілдері.

2018 жылы журналистер Астанадағы ең көне аурухана ғимаратын көрсеткен болатын.

Бұл қаладағы ең көне әрі ең үлкен медициналық мекеме. Оның ғимараттары 59 жыл бұрын салынған.

Дәрігерлердің айтуынша, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аурухана жекенің қолында болған, кейін ол акционерлік қоғамның құрамында болған. Егер бұрын медициналық мекеме жабдықталу, жұмысқа қабылдау жағынан үздік болса, қазір құрал-жабдықтар тозған, техника жекенің қолында болған кезде сатылып кеткен. 2018 жылы аурухана елорда әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті. Осыдан кейін аурухана қайта жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети