27 тамыз 2015 17:46

Астанада үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1300-ден аса адамға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fwallpapers.com © Fwallpapers.com

Астанада үй жануарларын қала аумағында ұстау ережелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласы мәслихатының депутаттары құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссияның отырысында үй жануарларын қала аумағында ұстау ережелерін талқылады.

"Жыл басынан бері үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1329 адам әкімшілік жазаға тартылып, олар 700 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. ", - деді қалалық Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев отырыс барысында.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, негізінен иттерді тұмылдырықсыз сыртқа шығару секілді бұзушылықтар көптеп тіркеліп жатыр. "Иелерінің жануарларға дұрыс қарамауы салдарынан қалада қараусыз қалған үй жануарлары көбейді", - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, Астанада үй жануарларын шығаруға, серуендетуге лайықталған арнайы орын жоқ.

Халық қалаулылары осы сұрақтарды тұрғындармен, ПИК мүшелерімен, елордалық кинология қызметтерімен бірлесе отырып шешуге ұсыныс жасады.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов үй жануарлары иелерінен тазалық сақтауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ету керектігін баса айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети