Астанада ыстық, Алматыда жаңбыр: 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ыстық, Алматыда жаңбыр: 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 26, 27 және 28 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 26, 27 және 28 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

26 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

27 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

28 мамырда күн құбылмалы болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

26 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

27 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кешке қарай кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секугдына 3-8, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

28 мамырда күн құбылмалы болады, жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғаты желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Қазақстанда нөсер жауып, үсік жүреді

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын айтқан еді. Күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады деп болжанған. 26-27 мамырда түнде Қазақстанның шығысында үсік жүреді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.48   546.68   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +28
Ақтау +23
Ақтөбе +30
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +23
П
Павлодар +29
Петропавл +22
С
Семей +26
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +31
О
Орал +18
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер