Астанадағы газ құбырының зақымдануы: қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы газ құбырының зақымдануы: қалпына келтіру жұмыстары аяқталды Фото: gov.kz

"Көктал-1" тұрғын алабының барлық абонентіне газ беру толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Көктал-1" тұрғын алабының барлық абонентіне газ беру толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаған. Барлық үш газ реттегіш пункттер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети