10 наурыз 2021 10:11

Астанадағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептер үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі:

  • Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын дәстүрлі форматта оқыту;
  • 2021 жылы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқу;
  • бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнін аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту.

Сонымен қатар, қаулыға мына шектеулер енгізілді: 

  1. Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру; 
  2. Жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
  3. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
  4. Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі;
  5. Боулинг орталықтарының жұмысын, тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймаққа оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети