08 қаңтар 2024 09:57

Астанадағы құрылысшылар ісі: бір күдікті Мәскеуде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қылмыстық қудалау органы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.


Қылмыстық қудалау органы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда екені айтылды.

"Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған. 7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу аумағында ұсталды. Ол 5 миллиард теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.

Бүгінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети