08 қыркүйек 2023 16:17

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар дәлізде қысылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/astanovka98 Сурет: instagram.com/astanovka98

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылардың қысылып қалғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы мектептердің бірінде оқушылардың қысылып қалғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде астаналық мектептердің бірінің баспалдағында түсірілген сурет пайда болды. Жазба авторының айтуынша, сурет үзіліс кезінде түсірілген.

Астана Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, суретте кейінгі 5 жылда үш ауысыммен жұмыс істеген №59 мектеп-лицейі бейнеленген.

"2023 жылғы 4 қыркүйекте №59 мектепте білім алушының көп болуына байланысты үзіліс кезінде оқушылардың қозғалысына қатысты мәселе туындаған. 5 қыркүйектен бастап кабинеттік жүйе уақытша тоқтатылды. Қазір сабақтар өздеріне бекітілген кабинеттерде өтіп жатыр. Жоғары сыныптар сабақ кестесіне сәйкес мамандандырылған кабинеттерге көшеді. Қазір бұл мәселе шешілді", - деді ведомство өкілдері.

Жаңа оқу жылында мектеп жанынан 1200 оқушыға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілген.

"Бұл мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Алайда көші-қон ағынының жыл сайын ұлғаюына және №59 мектептегі балалар санының көбеюіне байланысты бұл мәселе өзекті болып қала береді", - деді басқарма өкілдері.

2023 оқу жылында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мектептің маңында тағы бір мектеп салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, билік өкілдерінің айтуынша, қалада №59 мектеп-лицей орналасқан Есіл ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 6 "жайлы" мектеп салынады.

Еске салайық, Көкшетаудағы мектептердің бірінде оқушылардың дәлізде қысылып қалғаны бейнеленген видео тарап еді. Білім басқармасы тергеу жүргізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети