Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын қатынайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын қатынайтын болады © Тұрар Қазанғапов

Енді Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Маминге сілтеме жасап.


Енді Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Маминге сілтеме жасап.

"EXPO-ға біз күн сайын жүретін Астана-Үрімші пойызын іске қосуды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ол Астана-Алматы-Үрімші бағытында жүреді. Біз мұны 2017 жылы іске қосамыз. Бұл да "Тұлпар-Тальго" пойыздары болмақ. Жолаушылар жүрдек қозғалысын дамыту аясында жоспарымыз көп, осы жоспарларымызға сәйкес жыл сайын бағыттар санын көбейту және қызметті жақсарту бойынша қозғалып келеміз", - деді Асқар Мамин ОКҚ баспасөз мәслихатында.  

ҚТЖ басшысының айтуынша, соңғы үш-төрт жылда Қазақстанда тоғыз жаңа теміржол бағыты іске қосылды. 

Асқар Мамин 2016 жылы Қазақстанда жаңа әрі кең "Тұлпар-Тальго" вагондарының іске қосылатынын айтты. "Қазір біз жасап жатырмыз. Келер жылы 30 сантиметрге кең жаңа кузовымыз болады. "Тұлпар-Тальго" вагондарының тар екендігі жайлы айтылып жатыр. Осы ұсыныс пен нарыққа жаңа ұсыныс беру үшін біз жолаушылар вагонының жаңа жобасын жасадық. Келер жылы заутымызда кең вагондары бар бірнеше составты жоспарлап отырмыз", - деді ҚТЖ басшысы. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +31
Атырау +27
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +31
П
Павлодар +30
Петропавл +32
С
Семей +32
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +23
О
Орал +31
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер