15 сәуір 2022 10:47

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-дағы тексеріс қорытындысы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жоспардан тыс тексерістен кейін "Астанаэнергосбыт" ЖШС астаналықтарға электр энергиясына төлемдерді негізсіз өсіргені белгілі болды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоспардан тыс тексерістен кейін "Астанаэнергосбыт" ЖШС астаналықтарға электр энергиясына төлемдерді негізсіз өсіргені белгілі болды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астаналық тұтынушылар өтініші негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттар қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай "Астанаэнергосбыт" ЖШС бағаларды мемлекеттік реттеу, оның ішінде баға белгілеу тәртібін сақтау жөніндегі міндет қолданылатын қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі саналады.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзу анықталды, бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді. Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңге болған (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың кВт/сағ үшін 4,5 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде)", - делінген хабарламада. 

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 миллион теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген.

Сондай-ақ, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген заңбұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілген.

"Тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына жүгінуге құқылы. "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның тарапынан қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети