16 қараша 2022 15:39

Астанаға 300-ден аса электравтобус жеткізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 2023 жылы желіге 300-ден аса электравтобус шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада 2023 жылы желіге 300-ден аса электравтобус шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі автопаркті қоғамдық көліктермен, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту арқылы жаңарту және толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Жаңа электравтобустар автопаркті айтарлықтай жаңартады, жаңа маршруттар енгізіледі, аялдамаларда автобустарды күту уақыты қысқарады.

City Transportation Systems компаниясы қазір үш инвестормен автобус паркін 300-ден аса электравтобустармен жаңарту және толықтыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жеке инвестиция есебінен қалада автобус паркі де салынған.

Бұған дейін Астанада 115 электравтобус желіге қойылған болатын. Биылғы қыста тағы 50 электравтобусты желіге шығару жоспарланған. Электравтобустардың артықшылығы – олардың экологиялық тазалығы.

Сонымен қатар, биыл қоғамдық көліктердің 27 бағыт схемасын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа бағыттар іске қосылды, Bus lane жаңа учаскелері енгізілді, 15 аялдама пункті қосылды. Кейінгі жылдары 70 жылы аялдама орнатылып, тағы 20 жылыту аялдамасы инженерлік желілерге қосылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети