29 желтоқсан 2014 11:40

Астанаға күніне 60 мың автокөлік кіріп-шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанаға күнделікті кіретін және шығатын көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып, 60 мыңға жетті, тиісінше жол апаттарының саны ұлғайды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанаға күнделікті кіретін және шығатын көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып, 60 мыңға жетті, тиісінше жол апаттарының саны ұлғайды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері тіркелген автокөліктердің саны - 285 451, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 271 164 болған, яғни көліктердің саны 14 286-ға немесе 5,3 пайызға артты.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Астана қалалық ішкі істер департаментінің жол-патруль полициясы жүргізген бір апталық жол қозғалысын бақылау кезінде 3,5 мың жүргізуші жолда жүру ережесін бұзған. Жолда жүру ережесін өрескел бұзғандардың кесірінен жол апаттары көбейіп, адам шығыны да ұлғайған.

Жолда жүру ережесін бұзғандардың 137-сі базып озып немесе басқа да маневр жасаған, ал 205 жүргізуші арнайы белгіге қарамастан, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сонымен қатар, 535 жаяу жүргінші жолда жүру ережесін бұзды.

Астаналық полицейлер жолда жүру ережесін өрескел бұзғандар, оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқарғандар туралы ақпараттарды жол-патруль полициясына немесе Астана қалалық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімшесіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды: 53-22-53, 71-69-80.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети