07 қыркүйек 2016 14:52

Астанаға таксист болу үшін Қазақстанның барлық өңірінен келеді - Ирак Елекеев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирак Елекеев © Тengrinews.kz Ирак Елекеев © Тengrinews.kz

Бұрынғы мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің ойынша, Астанаға таксист болу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Елекеев өзі жетекшілік ететін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде айтты.


Бұрынғы мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің ойынша, Астанаға таксист болу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Елекеев өзі жетекшілік ететін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде айтты.

Бүгін Астанада көлік құралдары фирмаларының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Шарада ресми түрде қалалық такси қызметінің мәселелері талқыланды.

"Оны дамыту үшін бұл өте ауқымды сала (...). Адамдар шарасыздықтан заңсыз жұмыс істеуге барады. Менің жолдасым ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі, жақсы табыс табамын дейді. Менің білуімше көптеген мемлекеттік қызметте жүргендер адам тасымалдап ақша табады. Жақсы өмір сүрсе былай жасамас еді. Соған қарамастан Астанада жұмыс істеуге болады. Қазақстанның барлық өңірінен келеді. Қызылордалық номерлерді көремін, Шымкенттіктер бар. Айдап келе жатқанынан ақ қайдан екені белгілі болады", - деді Ирак Елекеев.

Астана көлік құралдары Ассоцациясының мәліметінше, ресми тасымалдаушыларға мындай себептер кедергі: таксисттерге арналған тұрақтардың аздығы яғни инфрақұрылымдардың жоқтығы,  көлік саласындағы жеткіліксіз нормативтік-құқықтық база, заңсыз диспетчерлік қызметтер мен ақпараттық диспетчерлік қызметтің орнына жұмыс істейтін интерне-қызметтер жүйесі. Астана көлік құралдары Ассоцациясының басшысы Медет Құрманов осы мәселелердің шешімі ретінде бірнеше нұсқалар ұсынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети