08 қараша 2018 12:13

Астаналық шенеуніктер таксимен жүруге қанша ақша жұмсайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігінің өкілдері қалалық әкімшілік қызметкерлерінің таксимен жүруге қанша теңге жұмсайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімдігінің өкілдері қалалық әкімшілік қызметкерлерінің таксимен жүруге қанша теңге жұмсайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қыркүйекте Астана әкімдігінің қызметкерлері қызметтік көліктерден бас тартып, енді таксимен жүретіндерін мәлімдеген еді.

"Басқармалардың барлық басшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары таксимен жүреді. Келісімшартқа сәйкес, такси жүргізушілері шенеуніктерді күтпейді. Олар тапсырыс келген соң 15 минуттан кейін ғана келеді. Әр кезде әр түрлі такси келеді", - деп хабарлады елордалық әкімдік өкілдері.

Ал такси бағасы жалпы қалалық тарифпен есептеледі екен. Орташа есеппен бір сапары үшін мемлекетік қызметкер 800-900 теңге төлейді. Ал құрылыс нысандарына бару керек болса, такси бағасы қымбатырақ болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети