14 қыркүйек 2021 10:19

Астаналық түлек дүние жүзінің бес үздік оқу орнынан шақырту алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 18 жастағы Данат Дүйсенбеков дүние жүзінің бес үздік оқу орнынан шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 18 жастағы Данат Дүйсенбеков дүние жүзінің бес үздік оқу орнынан шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данат Дүйсенбеков Кембридж университеті (Ұлыбритания), Мичиган университеті (АҚШ), Джорджия технологиялық институты (АҚШ), Калифорния университеті, Санта-Барбара (АҚШ) және Калифорния университеті, Сан-Диегоға (АҚШ) шақырту алған.

Түлек Ақтөбеде туып өскен. 12 жасында оның отбасы Нұр-Сұлтанға көшіп келген. Елордада Данат "Білім-Инновация" мектеп-интернатына түсіп, кейін халықаралық Spectrum мектебін бітірген.

"Мен математиканы ұнататынмын. Орта мектепте математикаға байыпты түрде кірісе бастадым. Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін олимпиадаларға қатыстым. Республикалық олимпиадаға төрт жыл қатыстым, алтын медаль үш рет, бір рет күміс медаль алдым. Халықаралық олимпиадаларға бардым. Ең беделдісі - халықаралық математикалық олимпиада, ол 60 жылдан аса уақыт бойы өткізіліп келеді. Оған жүзден аса ел қатысады. Мен 2019, 2020 және 2021 жылдары ұлттық құрамада болдым. 2019 жылы мен "күміс", 2020 жылы "қола", 2021 жылы тағы "күміс" алдым", - деп бөлісті астаналық түлек.

Данат Англиядағы Кембридж университетін таңдауды ұйғарған - ең көне (Оксфордтан кейін екінші) және елдегі ең үлкен.

"Мен математиканы оқу үшін Кембридж университетіне баруды ұйғардым. Оқу орны - әйгілі. Мен математиканы бітіргеннен кейін оны ғылыми түрде оқығым келеді. Мұны кәсіби түрде жасап, ғылымға үлес қоссам жақсы болар еді. Мен мансабыма әлі сенімді емеспін, бірақ математика көптеген мүмкіндік ашады. IT, қаржы саласында істеуге болады. Әзірше маған математика ұнайды", - деді ол.

Қазақстандық Кембриджге құжаттарды тапсыру UCAS (University and College Admission Service) порталынан басталатынын, ол арқылы бакалавриатта оқуға Ұлыбританияның барлық жоғары оқу орынына өтінім толтырылатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети