16 қараша 2022 16:01

Астананы қар басты: тұрғындар сурет пен видеолар жариялап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар әлеуметтік желіде қар басқан қаланың суреттері мен видеоларын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналықтар әлеуметтік желіде қар басқан қаланың суреттері мен видеоларын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 15-16 қарашада қалада қар жауып, боран мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Елорда әкімдігі мәліметінше, бір түнде Астанада 5 мың текше метрден аса қар шығарылған. Қар шығару жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.

"Елордада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жалғасып жатыр. 16 қарашаға қараған түні қаладан 370 жүк көлігі қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 16 қараша күні таңертең елордадағы қар мен мұзды тазалауға екі мыңнан аса жол жұмысшылары мен мыңға жуық арнайы техника шықты", - деді әкімдік өкілдері.

Қыс басталғалы қала көшелерінен 76 мың текше метрден аса қар жиналып, қар полигондарына 5 769 рейс жасалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети