Астананың жаңа әкімі Facebook желісінде жеке парақшасын ашты

14 Маусым, 09:32
0
Астананың жаңа әкімі Facebook желісінде жеке парақшасын ашты - © Алтай Көлгінов
© Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Facebook желісінде жеке парақшасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтай Көлгінов Twitter және Instagram-нан бөлек, қолданушысы көп Facebook әлеуметтік желісінен де жеке парақшаны ашуды ұйғарғанын айтты.

"Құрметті достар! Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер - тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!", - деді Алтай Көлгінов Facebook желісіндегі парақшасында.

Бахыт Сұлтанов елордалықтарға алғыс білдірді

Айта кетейік, 13 маусым Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалған еді.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай