29 шілде 2016 10:39

Астананың жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі © Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі

Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"28 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша Департаменті елорда әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменовті екі кәсіпкерден жалпы сомасы 2,1 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Бірінші жағдайда кәсіпкерді жосықсыз өнім берушілердің реестріне қоспау және жолдың жасанды жол бұдырын демонтаждау бойынша атқарылған жұмыстың актіне қол қою үшін 1,5 миллион теңге алынғаны айтылады. "Сол күні Сүлейменов аялдама павильондарын жуу және бояу бойынша атқарылған жұмыстардың актіне қол қойғаны үшін пара ретінде 600 мың теңге алған. Әрбір жағдайда заңсыз сыйақы көлемі мемлекеттік сатып алу конкурстарындағы ұтыс сомасының 10 пайызын құраған", - деп атап өтті ұлттық бюродағылар.

Ұсталғаннан кейін Сүлейменов Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Айта кетейік, ұсталуы алдында ол қалалық көлік мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдауларда баяндамашы ретінде сөз сөйлеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети