25 сәуір 2014 14:55

Астананың шұғыл қызметтері ағылшын тілін меңгеруі тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 көрмесі кешенінің сәулет жобасы. ©Expo2017astana.com EXPO-2017 көрмесі кешенінің сәулет жобасы. ©Expo2017astana.com

Президент Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесіне қарай Астананың шұғыл қызметтерінің мамандары ағылшын тілін меңгеруі тиіс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесіне қарай Астананың шұғыл қызметтерінің мамандары ағылшын тілін меңгеруі тиіс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, көрмені бірнеше миллион адам келіп тамашалауы тиіс, олардың жартысы - шетелдіктер, демек, бұдан қаланың мойнына түсетін жүк артады. 

"Қызмет түрлерін тұтыну көлемі екі есе артады. Әкімдік пен барлық мемлекеттік орган мұндай бетбұрысқа алдын ала дайын болуы тиіс. Көрмені өткізуге 2,5-3 жыл қалды. Бұл уақытқа дейін шұғыл қызметтер, медициналық қамтамасыз ету мен сервис мамандары ағылшын тілін кем дегенде базалық деңгейде білуі керек. Біз бұл мәселе бойынша тағы кездесіп, әңгімелесетін боламыз", - деді Президент Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі кеңес барысында.

Елбасы көрмеге дайындық жөніндегі ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарына көңілі толмайтынын білдірді. "Бізде Қазақстанда көрменің өткізілетіні мен оның мәні туралы халықтың азғана бөлігі біледі. Ол - біздің барлық жұмысымыздың, идеологиялық, үгіт-насихаттық жұмысымыздың нәтижесі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Астананы EXPO-ның астанасы ретінде әлемге таныту жөніндегі шаралардың да өз деңгейінде жүргізілмей жатқанын атап өтті.

"Осы көрме арқылы біз Астана мен Қазақстанды насихаттауымыз қажет", - деді Президент. Ол көрме үшін 250 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын, оның 150 мыңы қонақүй ретінде пайдаланылатынын айтты. Кейін олар қайтадан баспана ретінде берілетін болады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети