27 наурыз 2018 | 09:59

Астананың үш сауда орталығында қауіпсіздік ережесі бұзылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігінде сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігінде сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылды.

Астанадағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, есепте тәуекел деңгейі жоғары нысанға жататын 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9 - сауда ойын-сауық орталығы, 25-і базар. 

2017 жылы ерекше тәртіппен 46 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында көшіру жолдарының жағдайы, жарық беруші  электр желілері мен қуат көздерінің жай-күйінің болуы, өртті байқайтын автоматты жүйенің түзету жағдайының болуы, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жабдығы мен ең бірінші өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруына баса мән берілді. 

"9 ОСО-ның 6 тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал 1 нысанға  (Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектісіне қатысты тексеру жүргізілетіні айтылады. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек.

Ал мұның алдында Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері ойын-сауық орталықтарын және басқа да қоғамдық нысандарды тексеру тәртібі қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, ережелерге сәйкес, мұндай тексерістер жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Бірақ, айтуларынша, инспекторлар бұл нысандарды қандай да бір рұқсатсыз-ақ тексере алады.

Еске салайық, бұл тексерістер 25 наурызда Ресейдің Кемеров қаласындағы сауда орталықтарының бірінде болған ірі өрттен кейін жүргізіліп отыр. Апаттан 64 адам қаза тапқан еді, оның ішінде балалар да бар. Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы - мың жарым шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети