ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2020 | 21:42
Ата-ана манипуляциясының салдары. i-balaqai жобасында Марина Таргакова
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова ата-ананың баланы манипуляциялау салдары туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы бақытты одақты қалай құруға болатынын түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова ата-ананың баланы манипуляциялау салдары туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы бақытты одақты қалай құруға болатынын түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Марина Таргакова көптеген адам манипуляция жасап жүргенін түсінбейтінін айтады.
"Манипуляция - қандай да бір әрекетпен өзіме қажетін алу. Және бұл авторитарлық педагогика деп аталады. Себебі біз автоматты түрде авторитарлық педагогикаға дағдыланамыз. Яғни, жақсыны көрдің бе - мақта, жаман нәрсе көрдің бе - ұрыс. Гуманистік педагогика деген мүлде басқа. Бұл баланың білімін жетілдіру қабілеті. Бұл жағдайда аюды велосипедпен жүруге үйрете аламыз. Жай ғана оған қант беріп дегендей. Тышқанды лабиринт бойынша жүгіруге үйрете аламыз. Алайда адамның санасын тәрбиелеу мүлде басқа. Ол ойлана алатын, таңдай алатын, басқаларды манипуляцияламайтын, құрметпен қарайтындай өсіру керек. Меніңше, манипуляция - қарым-қатынастың қосалқы түрі", - дейді психотерапевт.
Спикердің сөзінше, адамдар бақылауды өз қолына алғысы келеді. Бірақ ата-ананың алдында үнемі таңдау тұрады.
"Неліктен көптеген адам "ит адамға қарағанда жақсы, себебі итпен өмір сүру оңай. Себебі итті алып, тұмылдырық кигізе саласың, итті алып, ұра саласың. Одан кейін еркелетіп қоясың дейді? Яғни, мен өзім қалайтын кезде бақылау жүргізе аламын. Ата-ана баласын кім етіп тәрбиелейтінін түсінуі маңызды. Мен одан кез келген формаға, мысалы шар жасасам шар болатын пластилин тәріздес адам жасағым келеді. Не квадрат жасасам. Яғни, мен пластилин тәріздес адам жасаған кезде, сосын оның күшін, тәуелсіз, еркін болуға деген ынтасын көрсетуі қиын болады", - дейді маман.
Егер манипуляция қосалқы аспап болса, сүйе білуді үйрену керек. Марина Таргакова үнемі ұлын төмендете берген әйелді мысалға келтірді:
"Бір күні маған бір келіншек келіп: "Мен ұлым мықты болғанын қалаймын, себебі ол көбіне үндемей жүреді" деп айтады. Сосын әңгіме барысында ол ұлына "Сен кімсің өзі? Сен - молекуласың" деп айта бергені анықталды. Сол кезде мен "Сонда сен молекуладан не талап етіп отырсың?" деп сұрадым. Яғни, сен оны молекула қылып өсірдің, қазір оның жасы нешеде? 14 жыл сен оны еркінен тыс ұстадың, себебі сен табиғатың бойынша одан мықтысың. Сен оны тұншықтырып тастадың. Енді оны сол қабыршықтан махаббатпен шығарып алуға біраз уақыт керек", - деп түсіндірді спикер.
Сарапшының сөзінше, көптеген ата-ананың баласын бірінші орынға қоюы қате.
"Бала үшін жасай алатын жақсылығыңыз - бір-біріңізді сүю. Назардың бәрі балада болуы керек. Қазір, өкінішке қарай, көптеген отбасында назардың барлығы балаға ауған. Бала еркелеп өседі. Бірақ бала бүкіл әлемнің назарында бола алмайды. Бұл ол үшін тым артық, бұл рөлді ойнау баланың қолынан келмеуі мүмкін. Сөйтіп бала ешнәрсеге қабілеті болмай қалады. Менің бірнеше студентім бар және олардың баласы дүниеге келгенде ол әлемнің назарында болып қалады. Ол айғайлап, эмоциясын басқара алмай жатқанда, ата-анасы оны айналшақтап қалады. Бұл шын мәнінде өте ыңғайсыз жайт", - деп түсіндірді Марина Таргакова.
Бала өмірге келгенде адамдарда "жалған эго" қалыптасып, ата-ана өзін баламен теңестіре бастайды. Сондықтан кейбірі "біз" деген есімдікті қолданып, "біз мектеп бітірдік" деген секілді ортақ сөздер қолдана бастайды.
"Мен, маған, менікі - ортақ түсінік. Менің адами мінезім "Мен кім үшін бала тәрбиелеп отырмын? Балама нені үйреткім келеді? Қалай өмір сүреді? Қарапайым нәрселерді үйрете аламын ба? Мен оны мейірімді болуға тәрбиелеймін. Немесе мен елдерді алдап, манипуляция жасап, сан соқтырып кететін адамды тәрбиелеймін, себебі мен өзімді солай ұстаймын. Қайғы тек қайғыдан, ал махаббатты мен оны жақсы көру арқылы сыйлай аламын" деген сөздерден басталуы керек", - дейді спикер.
Маманның сөзінше, махаббат азапсыз, көнусіз, қайғысыз болмайды.
"Айналаңызда шөп-шалам өседі, бірақ онымен бірге раушан гүлдері де өсіп жатқанын көріп, оған көңіл бөлініп жатқанын аңғарасыз. Егер раушан гүліне солай қарасақ, адамның ішкі-сыртқы дүниесі таза болуы үшін оған қалай күтім жасау керек? Заманауи психологтар біз потенциалымыздың тек 2-3 пайызын қолданатынымызды, ал данышпандар 5 пайызын қолданатынын айтады", - дейді психотерапевт.
Сондай-ақ Марина Таргакова ер адам мен әйел адам бір бағытта қозғалып келе жатқанда ғана бақытты одақ құруға болатынын айтады.
"Ол шын мәнінде махаббат басқаратын оркестр. Бір күні скрипка, сосын фортепиано шығады, себебі әркімнің өмірінде синусоидтар болады, кейде көңіліміз түседі. Кейде осалдық жағдайына түсіп кетеміз. Егер екінші адам жағдайды қолына алса, мұны үндестіре аламыз. Бұл бақытты одақ деп есептеледі", - дейді маман.
Көптеген адам психотерапевттерге келіп:
- Менің күйеуім жаман адам
- Сіз сол оңбаған адамға өзіңіз тұрмысқа шықтыңыз емес пе?
- Жоқ, о не дегеніңіз! Ол жақсы адам болатын
- Қанша жыл бірге өмір сүрдіңіздер?
- 15 жыл
- Сізбен 15 жыл бірге тұрып, оңбаған адам болып кеткені ме?
- Неге менімен?
- Тура мағынада сұрап тұрмын. Себебі адамдар бір-бірінің қалыптасуына әсер етеді
Психотерапевт үнемі сырласып отыруға кеңес береді. Адам үш нәрсе арқылы ілім алады: махаббат сыбыры, ар-ұят үні мен азап рупоры.
"Ол біртіндеп болады. Біртіндеп алға қадам басамыз. Немесе керісінше жақындаса түсеміз. Егер ер адам мен әйел адам бір-біріне тік қарап үйренсе ол тығырық. Біз міндетті түрде тоғысамыз. Сондықтан ер адам мен әйел адам бір бағытта қозғалуы керек. Яғни, бала бағуда, бір-бірінің қарым-қатынасында, отбасындағы ролдеріне байланысты бірдей қарауы керек. Егер бір бағытта қозғалатын болсақ дамимыз", - дейді спикер.
Марина Таргакованың сөзінше, баланы тазалыққа, тазалықты жақсы көруге, адамгершілікке үйрету керек. Тірі табиғатты түсінуіне баулуымыз керек. Бұған сенім ұялататын әңгіме арқылы, жасалған қадамды бірге отырып түсіну арқылы жете аламыз.
"Баланы 15 жасына дейін осылай тәрбиелейміз. Бала 15 жасқа келгенде досымызға айналады. Жоғарыдан төменге әкелетін әңгімелер бітеді. Жалпы баламен бір деңгейде әңгімелесу керек. Бірақ бір кезде досыңдай болады. Сіз досыңызға жайдан-жай ақыл айта алмайсыз. Онымен диалог құра аласыз. Оны тыңдап, өзіңіз туралы айтып, оның сөздері сізге әсер ете ме, жоқ па дегендей. Яғни, егер біз тереңірек әңгімелескіміз келсе, өзіміз де тереңінен ашылуымыз керек", - деп түсіндірді психотерапевт.
Сондай-ақ психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, заманауи балалар интернетті қолдану қабілетімен туылды, сондықтан оларға желіні қолдануды үйретудің қажеті жоқ.
"Мен ата-аналарға интернетке қарағанда қызығырақ болуын ұсынар едім. Себебі егер бала үшін әке-шешесі қызық болмаса, ол интернетке тәуелді болып, толығымен виртуал әлемге кетіп қалады", - дейді маман.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также