15 мамыр 2020 20:29

i-balaqai жобасында Евгения Шамис. Миллениалдардың Хоумлендерлерден айырмашылығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ұрпақтар теориясы бойынша маман, "RuGenerations - Ұрпақтар теориясы ресейлік мектебінің" негізін қалаушы және үйлестірушісі Евгения Шамис қазіргі уақытта жаңа өмірге икемделу кімге оңайырақ болатынын және әр ұрпақтың ерекшелігі туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ұрпақтар теориясы бойынша маман, "RuGenerations - Ұрпақтар теориясы ресейлік мектебінің" негізін қалаушы және үйлестірушісі Евгения Шамис қазіргі уақытта жаңа өмірге икемделу кімге оңайырақ болатынын және әр ұрпақтың ерекшелігі туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді. 

Евгения Шамис коронакризисті оңай өткізетін адамдарды үш топқа бөлді:

  • хоумлендерлер тобы немесе Z, оларға 2003-2023 жылдары туған адамдар жатады;
  • Х тобы, 1964-1984 жылдары туғандар;
  • үлкен адамдар, 1924-1943 жылы туғандар.

"Аталған барлық буын өкіліне ортақ дүние бар. Олардың барлығы қандай да бір дағдарыстан, өзгерістен өткен адамдар. Қандай да бір жағдайды өткерген адамдар. Қазіргі балалар үлкен экономикалық дағдарыс кезінде қалыптасқан. Олар 2003 жылдан бері туған балалар. Балалар осы заманда өмір сүреді, ол қалыпты жағдай", - дейді сарапшы. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1944-1963 жылдары туған Беби-бумерлер заманындағы адамдар қазіргі жағдайға тез қалыптасады. Олар өмір сүру стилі аса өзгермеген, қазір зейнетке шыққан, яғни, зейнеткерлер.

1985-2002 жылдары туған Миллиниумдар ешқашан үлкен жасқа келгенде қазіргідей ауқымды дағдарыстан өтпеген.

"Оның алдындағы кезең саналмайды, ал 2008-2009 жылдары олардың көбі әлі бала болған. 2013-2014 және 2017-2018 жылғы дағдарысты да олар сезбеген, себебі студент не мектеп оқушысы болды. Яғни, бұл - болып жатқан оқиғалардың жауапкершілігін өзіңе алатын кез емес. Қазір олар дағдарысты сезе бастады және бізге "Не істеу керек?" деген секілді өте көп сұрақ түседі.

Біз көптеген оқиғаны естиміз, мысалы: Миллиниумдар ақшаны әртүрлі валюта бойынша салмайды екен" деген секілді. Қандай жағдай болмасын, оларға оның қажеті болмаған, себебі өмір уақыт өте жақсарған. Яғни, әрине, 1990 жылдар қиын болғанымен, қоғамда позитив ой көп болды, адамдар не болып жатқанынан хабардар болды, ол буын өмірдің сол кезеңінен өтті, өмір жақсы тұсқа өзгеретінін көрді. Тағы бір маңызды сәт, бала да оны солай көреді. Балаға мемлекет деңгейіндегі айтарлықтай нәтиже керек емес. Оған отбасылық деңгейдегі "маған бүгін тәттіні аз алды не маған тәттіні көп алды" деген секілді қалыпты нәтиже керек", - дейді маман.

Ұрпақтар арасындағы жас ерекшелігіне байланысты түрлі буын өкілдері арасында: икстер миллиниумдерге қарап, ал олар Хоумлендерлерге наразы. Мәселен, Миллиниумдардың қызмет түрін таңдауда қиындықтар туса, Хоумлендерлерде ол жағынан мәселе туындамайды.

"Олар (Хоумлендерлер) неліктен үйден шықпайды?", "Олар енді күні бойы үйде отыра бере ме?" деген секілді сұрақ туындайды. Олардың үйі де жайлы. Хоумлендерлер үшін үй - ең қымбат дүние", - дейді Евгения Шамис. 

Евгения Шамис ұрпақтар құндылығы бала кезден қалыптасатынын айтады. 

"Бала өмірге келгеннен кейін 10 жастан 12 жасқа дейін ұрпақ құндылығы қалыптасады. Болды. Ары қарай олар қалыптасқан тұлға болып саналады, солай қалады, өзгермейді. Содан кейін жеткіншек жас, тұлғалық, кәсіби құндылығымыз қалыптасады", - дейді сарапшы. 

Тікелей эфир барысында жемқорлық мәселесі де талқыланды. Евгения Шамис бүгінде жемқор болу этикаға сай келмейтіні айтады. 

"Біріншіден, қазір жаңа этикалық құндылықтар мәселесі қызу талқыланып жатқаны көрініп тұр. Жемқорлық этикаға сай емес. Қазір біз жемқорлық дұрыс емес екенін нақты айтып жүрміз. Қазіргі балалардың кезінде бұл нақты айтылып жүр. Миллиниумдар дәуірінде жемқорлыққа зат секілді қарады. Ол кезде көптеген елде білімді, дипломды сатып алу мүмкіндігі болды. Қазір енді олай болмайды. Бұл нақты циклге сай құбылыс, біз жемқорлық жаман әдет екенін айта аламыз және арнайы ереже бекітеміз. Бұл жемқорлық атымен жоқ болады деген сөз емес. Бірақ біртіндеп жоғала бастайды", - дейді маман. 

Сондай-ақ Евгения Шамис жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, қазір үлкендер балаларға интернет өмір мен офлайн өмір туралы түсіндіріп, ережесін түсіндіретін уақыт. Сондықтан баланы кішкентай кезінен интернетті қолдануды үйрету маңызды. 

"Оның қай кезде пайдасы бар-жоғын түсіндіру керек. Балалар оны түсінеді, бірақ қазіргі коронакризис бетпе бет отырып сөйлесудің жөні бөлек екенін, оны әлі де сағынатынымызды, Skype пен Zoom-дағы байланыс оның орнын баса алмайтынын көрсетті", - дейді Евгения Шамис. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети