17 мамыр 2020 10:23

Ата-ана махаббаты. i-balaqai жобасында Анатолий Некрасов

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, отбасы психолог Анатолий Некрасов ата-ананың махаббаты туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, отбасы психолог Анатолий Некрасов ата-ананың махаббаты туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

  • Бүгін, 17 мамыр сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында Анатолий Некрасов  оқырмандардың сауалына жауап береді.
  • Артынша сағат 20:30-да ол "Ата-ана махаббаты" туралы айтады. Тікелей эфир Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында өтеді. 

Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді. 

Анатолий Некрасов - "Отбасының амандығы" жалпыресейлік жобасының авторы, "Халықаралық Жаратылыстану Академиясы" интернет-жобасының авторы. Зерттеу, ағарту, кеңес беру және педагогикалық қызметтер жүргізеді. Қоғам қайраткері, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, отбасылық және тұлғааралық қатынастар саласындағы жетекші маман.

Адам дамуы бойынша 40-қа жуық кітаптың авторы ("Живые мысли", "Семья – начало мудрости", "1000 и один способ быть самим собой", "Материнская любовь", "Мужчина и женщина", "Учимся любить", "Жизнь без кризисов", "Проектируем семью", "Предприниматель жизни", "Живой домъ" және тағы басқа)

Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, "Мама в теме" жобасының авторы, бақытты бала тәрбиелеу бойынша нұсқаушы Асхат Абжанов.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты. Ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис Миллениалдардың Хоумлендерлерден айырмашылығы туралы сөз қозғады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети