01 қараша 2017 15:48

"Ата жолы" автожолын жаңарту жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында туристерге жағдай жасап, туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі "Ата жолы" автожолын жаңарту жұмыстары. Ұзындығы 97 шақырымдық жол 2011 жылы пайдалануға берілген, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Маңғыстау облысында туристерге жағдай жасап, туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі "Ата жолы" автожолын жаңарту жұмыстары. Ұзындығы 97 шақырымдық жол 2011 жылы пайдалануға берілген, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алайда, бірнеше қабаттан тұратын автожолдың соңғы қабаты, яғни асфальттау жұмыстары биыл қолға алынып, оған 5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бүгін аталмыш жобаның реконструкциялау жұмыстары басталып, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында асфальт төселді.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов: "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі атап өткендей отандық туризмді дамыту үшін алдымен логистика мен инфрақұрылымды жандандыруымыз қажет. Бүгінгі "Ата жолы" автожолын жаңартудағы негізгі мақсатымыз осы. Яғни, сапалы жол салынса, ел-жұрт келеді, тіршілік басталады. Басқа да қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, көптеген кәсіпкердің табыс табуына жол ашылары анық".

Сондай-ақ ол бұл жаңарту жұмыстары Үкіметтің қолдауы арқылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп атқарып жатқан көп істердің бірі ғана екенін атап өтті.

Жобаның жалпы құны 5,042 миллиард теңгені құрайды. 97 шақырым жолдың 51 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

"Ата жолы" автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол. Айта кетейік, бұл орындар Маңғыстау өңірінің ғана емес, еліміздің мәдени мұрасы саналады. Сонымен қатар Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» арнайы жобасына кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети