29 желтоқсан 2018 13:47

Атамқұлов күтпеген тағайындау болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Отырар TV © Отырар TV

Бейбіт Атамқұлов өзінің сыртқысаяси ведомствоның басшысы болып тағайындалуын күтпеген жағдай екенін және Сыртқы істер министрлігінің ұжымы өзіне жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бейбіт Атамқұлов өзінің сыртқысаяси ведомствоның басшысы болып тағайындалуын күтпеген жағдай екенін және Сыртқы істер министрлігінің ұжымы өзіне жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Атамқұлов СІМ жұмысының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі жұмысынан айырмашылығы орасан екенін айтты. 

"Өздеріңіз білетіндей, ҚАӨМ жаңа участок болды. Әрбір жұмыс - бұл тәжірибенің дамуы. Мен үшін СІМ - мен жұмыс істеген жол, онда менің жақын әріптестерім бар. СІМ қызметкерлерінің 80 пайызы - ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген әріптестерім. СІМ саяси аспектілерін біліп, біз енді экономикалық блокты қосатын боламыз, яғни сыртқысаяси жұмысқа көбірек экономизация жасаймыз. Қай жерде жұмыс істеген жеңіл не ауыр деген сұраққа, мен қызықтысы деп жауап берер едім. Біз жұмыстың жаңа форматына көшеміз", - деді Атамқұлов журналистердің сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, ендігіде дипломатиялық корпус инвестиция тартуға жұмылатын болады. 

Сондай-ақ, Атамқұлаовтан премьер-министрдің орынбасары - қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Асқар Жұмағалиевке көмектесе ме деген сұраққа жауап берді. 

"Әрине. Бұл жаңадан құрылған министрлік. Мен оның жақсы нәтижеге қол жеткізгеніне қуаныштымы. Бүгінде министрліктің деңгейі мен Асқар Жұмағалиевтің тағайындалуы динамикалық өзгерістердің болып жатқанының дәлелі", - деді Атамқұлов. 

Оның айтуынша, ҚАӨМ ғарыш саласында сандық жұмыстарды жүргізіп жатыр екен. Атамқұловтың айтуынша, 2020 жылдары Қазақстанда ғарыш серіктерін құрастыру жоспарланған. 

Бейбіт Атамқұлов 2018 жылды табысты деп санайыд. "Әрбір жыл... Адам үшін тәжірибе. Адам өмір сүрген әрбір күні үшін алғыс білдіруі керек", - деді СІМ басшысы. 

26 желтоқсанда Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Оған дейін, ол қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған еді. 

СІМ экс-басшысы Қайрат Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті. Әбдірахмановтың жаңа жұмыс орны туралы әзірге мәлімет жоқ. 



Қайрат Әбдірахманов. © Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети