Атбасарлықтарға көмек ретінде 21 млн теңге жиналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккен атсабарлықтарға көмек ретінде 21 млн 600 мың теңге жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккен атсабарлықтарға көмек ретінде 21 млн 600 мың теңге жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметкерлер мен ведомстволарға қарасты ұйым жұмысшылары бір күндік жалақысын аударды. Қайырымдылық қорына бүгінде 21 млн 600 мың теңге аударылды", - делінген хабарламада.

Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тізім жасап, 25 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы жәрдемақы алуға өтініш бере бастады. "Бірінші кезекте жәрдемақыны баспанасы құлайын деп тұр деп танылған тұрғындар алады. Бүгінде 72 тұрғынға 3,5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қалған үйлерді тексеру аяқталғаннан кейін басқа тұрғындар жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Атбасар орталық аудандық ауруханасының мәліметінше, су басқан аудандардағы ахуал тұрақты. 17 сәуірдегі мәлімет бойынша 15 септиктен су сорылған, көшелерді тазалау жалғасып жатыр, 34 мекенжайға шлак әкелінді. Өкілетті органдар ауызсудың сапасын бақылап жатыр. Бүгінде 93 адам жалға берілетін баспаналарға көшірілген", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да көмек көрсеткен - жалпы сомасы 847 440 теңгеге ең қажетті азық-түлік алынған. Қала кәсіпкерлері 1 700 000 теңге болатын көмек көрсетті, кәсіпорын басшылары 21 техника мен жарты миллион теңгеден астам қаржыға азық-түлік жеткізіп берген. 

Еске салайық, Атбасар қаласында 330 үйді еріген қар суы басқан болатын. 256 тұрғын орта мектеп ғимараттарына көшірілді. Су басқан аудандарда бақылау тұрақтары орналастырылды. Қалада Ақмола мен Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан келген әскерилер, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer