25 наурыз 2022 12:39

Атом электр станциясын салуға ниеттіміз - энергетика министрі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Атом электр станциясын (АЭС) салуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Атом электр станциясын (АЭС) салуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атом электр станциясын салу бір-екі жылдың шаруасы емес. Ең кемі бір жыл салынатын орын белгілеуге, ол жерде судың бар-жоғын, адам ресурстарын, климатын жан-жақты зерттеуге кетеді. Қазір қашан салынатынын нақты айта алмаймын. Білетінім Қазақстан атом станциясын салуға дайын", - деді Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін ҚР энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстан Атом электр станцияларын салу бойынша алты әлемдік ядролық технологиялар жеткізуші ұсыныстарын зерделеп жатқанын, салу барысында Америка, жапон, корей, қытай, орыс, француз технологиялары қарастырылатынын айтқан болатын. Ол сондай-ақ Қазақстанда Атом электр станциясын салуға кететін соманы шамамен атады.

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 2022 жылы Қазақстанда Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети