22 мамыр 2020 14:07

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Серік Шапкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босады.

Нұрлан Таубаев 1976 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтын, Қазақстан экономика және құқық институтын, Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы "Экспресс-Юг" ЖШС директорының орынбасары болып бастаған. 2000-2006 жылдары Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2006-2008 жылдары бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысының монополияларды реттеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы болды. 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы. 2018-2019 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жұмыс орны - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети