22 қазан 2020 17:14

Атырау облысында денсаулық сақтау басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Асхан Байдуалиев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.


Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Асхан Байдуалиев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Байдуалиев Асхан Мархабайұлы - уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған.

Бұған дейін Асхан Байдуалиев Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ол өз еркімен отставкаға кеткен Байтолла Ғазизовтың орнына келді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети