12 қыркүйек 2023 17:18

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Ербол Құсайынов есімді Атырау қаласының тұрғыны достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ербол Құсайынов есімді Атырау қаласының тұрғыны достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұбайы Меруерттің айтуынша, жолдасы Ербол Атырау қаласы маңындағы Алмалы ауылы тұсына балық аулауға кеткен. Өзі емес, достарымен бірге болатынын айтқан отағасынан хабар үзілгелі бері үрей құшағында отырған отбасы еріктілерден көмек сұрап жатыр.

"Іздестіру жұмыстарына еріктілер көбірек қажет. Мүмкін сонда нәтиже болып қалар деген үміттеміз", - дейді белгісіздік жағдайында мең-зең күй кешіп отырған отбасы.

Ербол - алты баланың әкесі. Өзі момын, өзі ақжарқын жігіттің жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты іске қазір полиция араласып жатыр.

"Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын бүгін үшінші күн жүргізуде. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Қосымша дрон да қолданылып жатыр, - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Мейірім Ердәулет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети