23 мамыр 2022 08:28

Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдайы ауыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды ktk.kz.


Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды ktk.kz.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған 2 жасар бала 16 мамырдан бері ауруханада жатыр.

"Атырау қаласының "Нұрсая" шағынауданындағы көпқабатты үйдің 2-қабатынан құлаған екі жасар бала ауруханаға сағат 17:30-да түсті. Баланың ауыр жарақаты бар. Бас сүйегі екі жағынан сынған. Қазір жағдайы өте ауыр", -деді аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпараты бойынша, былтыр 2-7 жас аралығындағы 5 бала терезеден құлаған.

"Былтыр терезеден құлап кеткен балалардың арасында бір отбасының егізі бар. Екі бала қайтыс болды. Ал, 3 бала ауыр жарақат алды", - деді қоғаммен байланыс өкілдері.

Департаменттің мамандары балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мәселен, 21 мамырда Атырау қаласындағы "Тұрғын үй қалашығы" шағынауданындағы көпқабатты 46 үйдің тұрғындарына жадынама таратылды.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда кәріз құддығына құлаған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети