06 ақпан 2019 09:44

Атырауда ер адам екі жыл бойы балаларын мектепке апармаған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турар Казангапов © Турар Казангапов

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған төрт баланың әкесіне қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Сот анықтамасы бойынша, 2005, 2007, 2008, 2009 жылы туған төрт бала 2017-2018 оқу жылында мектепке бармаған. "Сот отырысында кәмелетке толмағандардың 35 жастағы әкесі кінәсін мойындамады және педагогтар мектеп формасын сақтамаған оқушыларға білім ордасына келуге тыйым салғанын айтты. Осыған байланысты олар қашықтан оқыған", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі - "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауына" сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети