29 қараша 2019 11:25

Атырауда Жастар жылы аясында 17 жоба іске асырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар жылы аясында Атырау облысы жастарының жан-жақты дамуына және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға бағыттында "Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бекітіліп, жастардың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді, яғни сапалы білім, жұмыссыздық, рухани және мәдени даму, салауатты өмір салтын ұстану, патриоттық тәрбие, бос уақытты тиімді өткізу сынды көкейкесті мәселелерді жоспарлы түрде шешуге бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жастар жылы аясында Атырау облысы жастарының жан-жақты дамуына және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға бағыттында "Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бекітіліп, жастардың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді, яғни сапалы білім, жұмыссыздық, рухани және мәдени даму, салауатты өмір салтын ұстану, патриоттық тәрбие, бос уақытты тиімді өткізу сынды көкейкесті мәселелерді жоспарлы түрде шешуге бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жастар жылы аясында жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған "Жас отау" өңірлік жобасы негізінде 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып, жас отбасылар қоныс тойын тойлап жатыр.

Бүгінгі жастардың сұранысы мен даму қарқыны жоспарлы жұмысты қажет етеді. Осыны ескере отырып, өңір жастарымен адрестік жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары мамандарының құзыреттілігін арттыру, жастармен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында "Жастар ісі академиясы" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде, мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып қоймай,          сала кадрларының тұрақтауына оң ықпал ететін болады.

Еліміздің болашағы жастарымыздың даму деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, саяси және қоғам өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты.

Осы мақсатта, БҰҰ Generation Unlimited атты жаҺандық бастамасы аясында ЮНИСЕФ балаларды қорғау қорымен бірлесе отырып, облыс жастарының өзін-өзі дамытуы мен табысқа жету мүмкіндігін арттыру, оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдыларды бойларына сіңіруге бағытталған "Самғау" жобасы жүзеге асырылды. Жоба жұмысына Еуропа кеңесі Жастар департаменті тренерлері мен бейресми білім беру саласындағы отандық тренерлері жұмылдыра отырып, 21 өңірлік, 157 ауылдық тренерлер оқытылып, олар өз кезегінде, 2 000 аса ауыл жастары мен жасөспірімдерін өмірлік маңызды дағдыларға оқытты.

Үстіміздегі жылы ҚР білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасы бойынша 257 жоба жалпы сомасы 254,5 миллион теңге болатын гранттық қаржыландыруға ие болды. Жобаларды іске асырудың алты айында жалпы сомасы 223,5 миллион теңгеге стипендия төленді. Қорыта айтқанда, өңір жастарының қоғамға пайдалы істермен айналысуы үшін 477 миллион теңге қаражат жұмсалып отыр. Жобамен қамтылған 811 жастың: 41-і мүмкіндігі шектеулі жастар, 539-ы ЖОО және ТКжБҰ түлектері, 231 мектеп түлектері.

Үстіміздегі жылы Атырау қаласында және қалаға қарасты ауылдық округтерде жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған 12 орталықтың жұмысы ұйымдастырылып, 8 000-нан аса жастар мен жасөспірімдер қолөнер, менталь арифметика, бисермен тоқу, тігу өнері, шахмат, үстел теннисі, гитара, баян, ағылшын тілі, драма, жас аспаз және тағы басқа үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Өңір жастарының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы жылдары да кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети