05 желтоқсан 2020 09:55

Атырауда жолаушылар жатып жүретін автобус-қонақүй анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atpress.kz © atpress.kz

Атырауда полицейлер "плацкарт" автобусты анықтады. Көлік құралының салонында кресло орнына жолаушылар жатып баратын екі қабатты кереуеттер орнатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 


Атырауда полицейлер "плацкарт" автобусты анықтады. Көлік құралының салонында кресло орнына жолаушылар жатып баратын екі қабатты кереуеттер орнатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

4 желтоқсанда Vanffool маркалы автобусы Береке шағын ауданында құжаттарды тексеру үшін тоқтатылған. ПД баспасөз қызметі өкілінің хабарлауынша, салонды тексеру кезінде жүргізушілер автобустарын қонақүйге жабдықтағаны белгілі болған.

Салонда жолаушылар креслоларының орнына 28 кереует орнатылған, онда 17 жолаушы жатқан. Автобуста Оңтүстік Қазақстан облысының екі жүргізуші де болған. Олардың айтуынша, автобус Шымкентке қарай бет алған. 

Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы ("Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу"), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы ("Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын бұзу") және ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабы ("Жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзу") бойынша хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети