21 шілде 2020 19:41

Атырауда маусымнан бері 122 адам пневмониядан қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Атырауда маусымнан бері 122 адам пневмониядан қайтыс болған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Атырауда маусымнан бері 122 адам пневмониядан қайтыс болған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, соңғы тәулікте аймақта вирус 96 адамнан анықталған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда әлдеқайда аз. 

Осыған дейін ауру санының күрт өсуі - тұрғындардың сақтық шараларын қатаң сақтамауынан болған еді. Қазір карантин режимі күшейтіліп, ойын-сауық орталықтары, ірі сауда нүктелерінің жұмысы тоқтады. Дүкендер мен дәріханалар да шектеулі уақыт шеңберінде ғана қызмет көрсетіп отыр. Алайда облыста өкпесі қабынғандар көбейіп кетті. Маусым айынан бері 122 адам пневмониядан көз жұмған. Ал қазір 5809 адамның өкпесі қабынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір науқастарды орналастыратын орын санын көбейту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

"Бүгінгі күнде біздің облыста 1170 инфекциялық, 783 провизорлық, 1986 карантиндік кереуеттер жасақталған. Соған байланысты, сәуір айынан бастап, инфекциялық кереуеттердің санын 9 есе өсірдік. Провизорлық кереуеттердің санын 3 есе өсіріп, бүгінгі күнде Атырау облысындағы коронавирус індетіне сәйкес, көптеген шара жасақталып жатыр. Әрі қарай осы жағдайда жұмыс жасаймыз деп айтқымыз келеді",- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети