18 қазан 2020 18:04

Атырауда мұнай зауытынан шыққан түтін халықты шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасынан шыққан қалың түтін тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасынан шыққан қалың түтін тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Алайда мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың шығуына қатысты түсінік берген жоқ.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қалың қара түтіннің видеосы пайда болды. Ролик авторының айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауыты түнде ауаға газ жіберіп жатыр екен.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты түнде жаңа құралдан факел арқылы газды үздіксіз шығарып жатыр. Бұл бу емес. Бу болса, ол ауаға тарап кетер еді. Оларда бірдеңе болған сияқты. Жағымсыз иіс сезіліп тұр", - дейді видеодағы ер адам.

Мұнай зауыты 17-18 қазанда зауыт қондырғылары технологиялық режимде жұмыс істегенін, авариялық жағдайлар болмағанын атап өтті.

"Технология бойынша каталитикалық крекинг қондырғысы жану өнімдерінің атмосфераға енуіне жол бермейтін газды тазартатын BELCO (американдық технология) жүйесімен жабдықталған. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұржалардан шыққан түтіннің ізі көрінеді", - делінген мұнай зауыты таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, экологтар прокуратура өкілдерімен бірлесіп, 19 қазанда зауытта жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Атырау облысының экология департаменті бұл факті бойынша 17 қазанда түнде зауыттың санитарлық-қорғау аймағында қаладағы ауадан сынама алғанын жеткізді.

"Осы күні оңтүстік-батыстан жел соғып, ауада ластаушы заттардың артуы тіркелген жоқ", - дейді экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети