16 мамыр 2023 12:24

Атырауда Отбасы күні аталып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 мамыр - Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, атыраулықтарды айтулы мерекемен құттықтады.


15 мамыр - Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, атыраулықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

"Бұл мерекенің елімізде, әлемде өзінің халықаралық статусы бар. Бұл мерекені тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Көктемнің шуақты кезінде отбасы күні аталып отыр. Қазақта «Отан - отбасынан басталады» деген сөз бар. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Қаламызда соңғы уақытта отбасы болып демалатын алаңдардың саны артып келеді. Осыған орай бірнеше саябақты ашу жоспарда бар. Бұл саябақ кешкі уақытта тұрғындардың жиі бас қосатын жеріне айналды. Халықтың көңілінен шыққан соң осы алаңды "Отбасы" саябағы деп атауға шешім қабылдадық. Ашылып жатқан саябағымыз құтты болсын", - деді Ж.Бисембиев.

Шара аясында жарасымды жанұяның негізін қалыптастырудағы орасан зор еңбегі үшін бірқатар мерейлі отбасы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Авангард ықшамауданы Н.Тілендиев көшесіндегі алаңға "Отбасы саябағы" атауы берілді. Кейін облыс әкімінің орынбасары тұрғындармен бірге жаңадан ашылған саябаққа тал екті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Атырау әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети