20 желтоқсан 2018 09:43

Атырауда тағы да балық қырылып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsmir.info © newsmir.info

Атырауда алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтар қырылып жатыр. Оқиға деректері Жұмыскер және Геолог ықшамаудандары маңында тіркелді. Мамандар күдігінше, әлдекімдердің Жайық өзенін ластауды әлі тоқтатпаулары мүмкін, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Атырауда алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтар қырылып жатыр. Оқиға деректері Жұмыскер және Геолог ықшамаудандары маңында тіркелді. Мамандар күдігінше, әлдекімдердің Жайық өзенін ластауды әлі тоқтатпаулары мүмкін, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексерістер басталды. Бұл бірінші орында "Атырау Су Арнасы"-на қатысты, "Атырау Су арнасына" тексеріс мүдделі орындардың мамандары тартылып, қазіргі таңда су сынамалары алынды", - деді Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Қайратқали Хайрулла.

Қазір өлі балықтарды жинаумен еріктілер айналысып жатыр. Мамандар бұл жолы су жәндіктерінің қанша көлемде қырылғанын нақты айта алмай отыр. Еске салсақ, балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін делінген өзге үш мекеме: "Атырау Жылу электр орталығы", "Жайық-Атырау бекіре балық өсіру" және "Атырау бекіре балық өсіру" зауыттарына қатысты тексерістер енді басталады.

Еске салсақ, бұл аймақта алғаш рет желтоқсанның басында балық қырылған. Перетаск өзенінде бір тоннадан астам қылышбалық, мөңке балық, ақтабан, қаракөз балықтары табылған. Осыған байланысты ведомство аралық комиссия құрылған. 

Ал алдынғы аптада шенеуліктер балықтан аммиак анықталғанын растады. Экология департаментіндегілер осы уақытқа дейін тіркелген деректер бойынша тексеріс қорытындысы желтоқсанның 28-і белгілі болатынын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети