21 наурыз 2021 16:45

Атырауда театр актрисасы жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тасжолында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тасжолында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Қайғылы оқиға 19 наурызда Атырау-Доссор тасжолында болған. Газель мен ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ол 1997 жылы туған театр актрисасы. 

Бүгінде бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Апат салдарынан қайтыс болған актриса Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы болған.

Актриса "Алғашқы махаббат", "Үйлену оңай", "Дабыл", "Клеопатра", "Желтоқсанның бір түні" атты және тағы басқа да қойылымдарда ойнаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети