24 ақпан 2017 13:06

Атыраулық ЖОО мен семейлік колледж студенттерге EXPO-2017 билеттерін мемлекеттік сатып алу порталымен алдырғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық ЖОО және семейлік колледж мемлекеттік сатып алу порталында Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне кіру билеттерін сатып алу мақсатында хабарландыру жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атыраулық ЖОО және семейлік колледж мемлекеттік сатып алу порталында Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне кіру билеттерін сатып алу мақсатында хабарландыру жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Атырау мұнай және газ институты 3 миллион теңгеге 1 000 билет сатып алуды жоспарлап отыр. Хабарландыруда өтініш қабылдау мерзімінің 27 ақпаннан басталатыны айтылады. Өтініш қабылдау мерзімі ретінде 6 наурыз көрсетілген.

Семей радиотехника және байланыс колледжі "235 713 теңге сомаға 80 студентке және 4 ересек адамға "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне кіруге билеттер алу" деген атаумен лот жариялаған.  

Айта кетейік, атыраулық ЖОО-ның жағдайында билеттерді сатып алу әрекеті 17-24 ақпан аралығында өткен. Бірақ сол кезде баға ұсыныстары болмағандықтан, сатып алу жүзеге аспаған. Колледж болса биллеттерді 7-14 және 14-21 ақпан аралығында сатып алғысы келген. Екі рет те баға ұсынысы болмағандықтан, сатып алу жүзеге аспай қалған.

Семей радиотехника және байланыс колледжінің өкілдері осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында билеттердің "студенттерді ынталандыру" үшін сатып алынып жатқанын айтты. Ересектерге арналған билет студенттерді алып жүретін мұғалімдер мен дәрігерлерге қажет болыпты. "Бюджет қаражаты қолданылмайды", - деп пікір білдірді колледждегілер.

Атырау мұнай және газ институтының өкілдерімен әзірше байланысқа түсу мүмкін болмады. Сондықтан ҚР БҒМ баспасөз қызметіне ресми сауал жолданды.

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрменің тақырыбы - "Болашақ энергиясы". "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 115 мемлекеттің және 18 халықаралық ұйымның өкілдері көрмеге қатысатынын растаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети