13 наурыз 2015 13:01

Ауа райы: 14-16 наурыз күндері тағы да қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Camonitor.com ©Camonitor.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндері тағы да жауын-шашын болатынын болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Синоптиктер алдағы демалыс күндері тағы да жауын-шашын болатынын болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Қазгидрометтің" мәліметінше, демалыс күндері елімізде ауа райы тұрақсыз болады: шуақты күндерді бұлтты күндер ауыстырады. "Демалыс күндері және дүйсенбі күні Қазақстан аумағына жауын-шашынсыз ауа райының орнына еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар қардың жаууын және боран, оңтүстік облыстарда - жауын-шашын, тұман, көктайғақ әкеледі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Республиканың батысына жауын-шашын дүйсенбі күні жетеді. "Қардың жаууына қарамастан, күндізгі ауа температурасы тек оңтүстікте ғана емес, солтүстік бөлікте де қолайлы болады деп күтіледі, ол осы кезеңге орташа көпжылдық мәнге жақын және одан жоғары", - дейді синоптиктер.

Еске сала кетейік, синоптиктер бұған дейін наурызда жылы ауа райы күннің сууымен, қардың жаууымен және боранмен тез ауысып отыратынын хабарлаған болатын. Ал таяу күндері бірқатар өңірде жауын-шашын болатыны айтылған еді. Ал бүгін, 13 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды мен Павлодар облыстарында көлік жолдарының әлі жабық тұрғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети