Ауа райы: Антициклон бүкіл Қазақстанды "басып алды"

17 Маусым 2015, 15:54
0
Ауа райы: Антициклон бүкіл Қазақстанды "басып алды" - © joyreactor.cc
© joyreactor.cc

Антициклон бүкіл Қазақстанды "басып алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Метеорологтардың хабарлауынша, Қазақстанды "басып алған" антициклонның әсерінен елімізде алабұлтты, аптап ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасты. Мысалы, өткен 17 маусымға қараған түні республиканың бірде-бір метеостанциясында жауын-шашын тіркелген жоқ.

"Алдағы үш тәулікте де ауа райында аса қатты өзгеріс болмайды. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-7 градусқа жоғары болады. Тек солтүстік аймақ атмосфералық фронттардың, ал республиканың шығысы жоғары циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады", - деп болжады мамандар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай