21 қаңтар 2015 16:17

Ауа райы: Аязға байланысты барлық облыста ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

23-26 қаңтар күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, "Қазгидромет" кәсіпорны соған байланысты облыстарда ескерту жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


23-26 қаңтар күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, "Қазгидромет" кәсіпорны соған байланысты облыстарда ескерту жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 23-25 қаңтар күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 29-34 градус аязға дейін төмендейді. "22 қаңтар күні тәулік бойы және 23 қаңтар күні түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, 22-24 қаңтар күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран болады, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады. 23-27 қаңтар күндері ауа температурасы 22-27, кей жерлерде 34-тен 30-35 градусқа дейін, тіпті, 38 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Мамандардың мәліметінше, 24 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласып, көктайғақ болады, тұман түседі, кей жерлерде жауын-шашын мол болады. Оңтүстік-шығыстан және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. 24-27 қаңтарда бұл өңірлердің кей жерлерінде 23-28 градусқа дейін аяз болады.  

Қызылорда облысында 24-26 қаңтар күндері түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болатынына байланысты ескерту жарияланды. Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны еліміздің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде ауа температурасының 40 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети