25 ақпан 2018 15:21

Ауа райы: Бірқатар аймақта тұман, жел және көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© photo.bymedia.net © photo.bymedia.net

Синоптиктер ертең, 26 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Синоптиктер ертең, 26 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" орталығының мәліметтері бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады.

"Республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, екпіні секундына 25 метрге дейін жететін күшті жел тұруы ықтимал.

Сондай-ақ, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети