04 қараша 2020 10:52

Ауа райы: Қазақстанда қазанда бірнеше рекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қазанда ауа температурасы бірнеше рет рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанда қазанда ауа температурасы бірнеше рет рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, рекорд биыл қазан айының ортасында болды. Бұл кезде елімізде ауа температурасы 19-21 градусқа дейін жоғарылаған. Бұл әдеттегі ауа температурасынан 7-10 градусқа жоғары.

Қазақстанның оңтүстігінде болса ауа температурасы 25-27 градусқа дейін жоғарылады.

Осылайша елімізде ауа температурасы екі рет рекорд орнатты.

"Бірақ алғашқы он күндікте Скандинавиядан келген циклон салдарынан елімізде ауа температурасы төмендеп, қар жауды. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді.

Мысалы, Нұр-Сұлтанда 24-25 қазанда 15 миллиметр қар жауды. Ал Шығыс Қазақстан облысында жауған қар бір айлық нормадан асқан. Онда 68 миллиметр қар жауған. Ал Семей метеостанциясында 32 миллиметр қар тіркелген", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети