02 қаңтар 2024 11:35

Ауа райына байланысты республикадағы бірнеше тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Республиканың орталық аймағына қарай өтетін циклонды ескере отырып, республикалық маңызы бар "Астана-Теміртау" автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін.

"Осыған орай, құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Сондай-ақ, жол қызметкерлері жолды қардан тазалап, жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз!", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети